back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қарияларға құрмет – ұрпаққа өнеге!
02-10-2026 15:43
Қарияларға құрмет – ұрпаққа өнеге!

Халықаралық қарттар күніне орай Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің атынан және мектептің кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері қарт жандарды мерекелерімен құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдіріп, көңіл бөліп, қамқорлық көрсетті. ????
«Қарты бар үй – қазыналы үй» демекші, үлкенді сыйлау, құрметтеу және оларға қамқорлық көрсету – халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі.
Осындай игі шара арқылы оқушыларға мейірімділік, ізеттілік, жанашырлық пен үлкенге құрмет көрсету құндылықтары дәріптелді.
Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз! ❤️
#Қамқор #ҚарттарКүні #ИгіІс #Қайырымдылық #Кәсіподақ #АдалАзаматБіртұтасТәрбие #НұраАуданыБілімБөлімі

Жаңалықтар