29-30 қыркүйек күндері Қарағанды облысында өткен Облыстық Күзгі әскери сайысында Нұра ауданы А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің намысын қорғаған 14-15 жастағы жас патриот Ахантаев Алпамыс бағын сынады.
Бұл жолы жүлделі орын бұйырмаса да, Алпамыс жарыс барысында мықты дайындық пен төзімділік көрсетіп, жеңіске деген жігері мен табандылығын байқатты. Ең бастысы — тәжірибе жинап, алға қарай ұмтылудың тамаша үлгісін көрсетті!
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, мектеп пен аудан абыройын асқақтатқан Алпамыстың алда әлі талай биік шыңдарды бағындырарына сенімдіміз! Алға, Алпамыс! Жігерің жасымасын! 

#нұраауданыбілімбөлімі
#адалазамат
#umckrg
#біртұтас_тәрбие
