«Ерлік сабағы» және «Батырлар күні»
А.Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Ерлік сабағы» және «Батырлар күні» тақырыптарында тағылымдық сабақтар өткізілді. Іс-шараларға 9-10 сынып оқушылары қатысып, Отанды қорғау, ерлік пен батырлық, патриотизм және елге қызмет ету туралы мағлұматалды.
Сабақ барысында Ауған соғысының ардагері Юрченко М.П. қонақ ретінде қатысып, оқушылармен кездесіп, өз естеліктері мен бөлісті. Ардагердің әңгімесі оқушыларға ел тарихын тереңірек түсінуге, бейбітшіліктің қадірін білуге және Отан алдындағы азаматтық борышты сезінуге ықпал етті.
Сабақтар мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың бойында патриоттық сезім мен аға ұрпақтың ерлігіне деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.

