«Жолда жүру ережесі»
Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде 5-8 сынып оқушыларына арналған «Жолда жүру ережесі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімін арттыру және өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету.
Сабақ барысында оқушылар жолда өзін-өзі дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, жол белгілерінің маңызы және қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәліметтер алды.

