"Кітап оқитын педагог"
Бүгін мектебімізде рухани құндылықтарды насихаттайтын "Кітап оқитын ұлт" жобасы байқауының "Кітап оқитын педагог" санаты бойынша мектепшілік кезеңі өтуде. Ұстаздарымыз 15 шығарманың негізінде тест тапсырады. Мектеп атынан жалпы 27 мұғалім, оның ішінде қазақ тобы бойынша - 14 мұғалім, орыс тобы бойынша 13 мұғалім қатысып, бақтарын сынап жатыр. Барша ұстаздар қауымына сәттілік тілейміз !!!.

