"Шаңырақ күні"
Абдолла Асылбеков атындағы ЖББМ «Күншуақ» тобында Наурызнама онкүндігі аясында "Шаңырақ күні" өткізілді. Іс-шара барысында балаларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық бұйымдары туралы қысқаша түсінік берілді. Балалар Наурыз мерекесіне байланысты суреттерді бояп, өз жұмыстарын қызығушылықпен орындады. Мақсаты – балаларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

