"Шаңырақ күні"
Абдолла Асылбеков атындағы ЖББМ мектепалды сыныбында Наурызнама онкүндігі аясында "Шаңырақ күні" аталып өтті. Іс-шара барысында балалар қазақтың ұлттық баспанасы – киіз үймен танысты. Киіз үйдің макеті мен ағаштан жасалған құрастырмалы үлгісін қарап, оның бөліктері туралы білді. Балалар киіз үйді құрастырып көріп, ұлттық ойындар ойнады. Іс-шара барысында шаңырақтың отбасы бірлігі мен татулықтың белгісі екені түсіндірілді.

