«Кітап оқитын педагог»
«А. Асылбеков ат ЖББМ» мектебіндегі Мұғалімдер ұжымы «Кітап оқитын педагог» жобасы аясында оқыған шығармалардың мазмұнын, негізгі идеяларын және тәрбиелік мәнін талдап, кәсіби білімдерін саралады. Бұл іс-шара педагогтердің дүниетанымын кеңейтіп, оқушыларға кітаптың жан азығы екенін түсіндіру мақсатында өткізілді.
Мұғалімдер төмендегі кітаптар тізімінің мазмұнын айтып, ұжыммен талқылау жасалды:
• А. Құнанбаев – Қара сөздер
• М. Жұмабаев – Педагогика
• Д. Клир – Атом әдеттер
• Ш. Құдайбердіұлы – Үш анық
• С. Елубай – Ақ боз үй
• С. Мұқанов – Менің мектептерім
• Талқылау бағыты: Шығарма мазмұны, кейіпкерлер әрекеті, идеялық мәні.
• Нәтиже: Педагогтердің кәсіби дамуына үлес қосылды.
#читающаяшкола#нұра ауданы білім бөлімі#А.Асылбековмектебі#bilimboliminura

