“Өзін-өзі басқару”
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру және таныстыру мақсатында мектептегі
“Өзін-өзі басқару” ұйымдарының оқушыларымен арнайы отырыстар ұйымдастырылды. Отырыстар барысында оқушыларға Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, олардың маңыздылығы мен қоғам өміріндегі рөлі түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар өз пікірлерін білдіріп, азаматтық белсенділік пен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған еркін пікір алмасу жүргізілді.

