"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"

2025 жылғы 15 сәуірде «Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ ұйымдастыруымен Нұра ауданының білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған эссе байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу және құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Байқауға А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінен 4 оқушы қатысты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оны болдырмаудың жолдары мен әрбір азаматтың парасаттылық жолындағы рөлі туралы терең мазмұнды эсселер жазды.
Байқау нәтижесі бойынша үздік жұмыстар іріктеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 2-орынға 9-сынып оқушысы Жақсылық Әдемі ие болды. Жетекшісі: Даутова Ботакоз Алихановна
Оспанов Данат, Аманжол Аяулым, Тасбулатова Алина қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жетекшісі: Жакупова А.Х.