back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Мерекелеріңізбен, аналар"
07-03-2025 15:57
7 наурыз күні Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің мектепалды сыныбында "Мерекелеріңізбен, аналар!" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Іс- шара барысында балалар жұмбақтар шешіп, аналарына арнап "Ақ мама", ал әжелеріне "Әжемнің шайы" әнін орындады. Сонымен қатар, бүлдіршіндер би билеп, түрлі қызықты ойындарға қатысты.
Ата-аналармен бірге "Анамызды табу", "Суретші" сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылып, іс-шара ерекше әсерлі және көңілді өтті. Ертеңгіліктің ең әсерлі сәттерінің бірі – балалардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналары мен әжелеріне тарту етуі болды.
Новости