Кәсіптік бағдар беру - табысты болашаққа маңызды қадам.
Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Мектепте кәсіптік бағдар беруді ұйымдастырудың негізгі мақсаттары оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға, белгілі бір мамандықты игерудің нақты мүмкіндіктерін анықтауға, кәсіби өзін-өзі анықтауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, қоғамда табысты әлеуметтенуге жағдай жасауға бағытталған. Бүгін мектебіміздің 7 сынып оқушылар HR+жүйесі арқылы жиынтық кәсіби бағдар беру тестін өтті. Бұл тест сіздің қай мамандыққа икемділігіңіздің жоғары екенін анықтап, сол мамандық бойынша қандай колледж, университеттерге түсуге болатыны жайлы ақпарат береді. Оқушылар белсенді қатысып, нәтижелер қорытындылары бойынша өз ойларымен бөлісті.
#нұраауданыбілімбөлімі #кәсіптікбағдарберу #mycollege