Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні.
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 32 жыл толды. Осыған орай А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің директоры Абаев Е.Е. баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!