мектеп басшылары мен ата-аналардың қатысуымен онлайн форматта жиналыс өтті.
2024жылыға арналған білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау мақсатында 2024 жылдың 16 мамыр күні сағат 17.00-де аудан аумағында барлық мектеп басшылары мен ата-аналардың қатысуымен онлайн форматта жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты: Заңсыз қаражат жинаудың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды болдырмаудың алдын алу, жаз мезгілі кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып бейне жазбалар көрсетілді.