«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.
Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы, каналдардың көзін ашқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Мектебіміздің қызметкерлері апта сайын тазалық жұмыстарын жасауда. Бүгін мектеп қызметкерлері Абай көшесін, яғни мектебіміз орналасқан көшені қоқыстардан тазартып, керекті жөндеу жұмыстарын жүргізді.