11-сыныптың ата-аналарымен кезекті жиналыс өткізілді.
Мектебімізде ағымдағы жылдың 8 сәуір күні 11-сыныптың ата-аналарымен кезекті жиналыс өткізілді. Мектебіміз бойынша ҰБТ тапсыратын оқушы саны – 3.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: оқушылар мен ата-аналарды ҰБТ тапсыру ережесімен таныстыру, оқушылар мен ата-аналарға психологиялық кеңестер беру. Мектеп бітіруші түлектердің білім көрсеткішінің сапасын таразылайтын ҰБТ-ға дайындығын күшейту мақсатында алынған байқау тесттерінің нәтижесі сараланды. Жиналысқа мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі, мектеп психологы қатысты.
ҰБТ-да жоғары балл жинаған мектептің де абыройы биік болатыны сөзсіз. Сондықтан, ҰБТ-ны сәтті тапсыру педагогикалық ұжымның, ата-аналардың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Жиналыс көңілді тренингпен аяқталды.
#нұраауданыбілімбөлімі #ҰБТ2024 #жастүлек2024