17 наурыз «Шаңырақ күні».
Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 14-23 наурыз күндері «Наурызнама» онкүндігі жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес 17 наурыз «Шаңырақ күні». Отбасы құндылықтарын дәріптеуге «Наурыз бата» бата беруге арналды.
Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.Бізде мектебімізге
ауылымыздың ақсақалы Үсеин атамызды шақырып, ақ батасын алдық.