back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Блиц- ойыны» сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
07-02-2024 16:30
 «Блиц- ойыны»  сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Бүгін Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде «Цифрлық әлем»  апталығы аясында 2-11 сыныптар арасында «Блиц- ойыны»  сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Сұрақтар әр түрлі тақырыптан құрастырылды және сұрақтар алдын ала дайындалып,  информатика мен цифрлық сауаттылық тақырыптарын қамтыды. 
Ол жұмыстар келесі міндеттерді қамтыды:
- білім алушыларды информатика пәнінің  тапсырмаларды орындауға тарту;
- оқушылар арасында цифрлық сауаттылықтың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
- білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың информатика  қызығушылығын арттыру;
- цирлық сауаттылық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау, ақпараттык-коммуникативті, цифрлық әлемдегі ұғымдарды тереңдетіп оқуға ұмтылу.
Сайыстар мына тақырыптарды өткізілді:
 «Логика қайда?» 2-4 сыныптарға арналған блиц-ойын. Адам өмір бойы дұрыс ойлау және дұрыс қорытынды жасай білу керек. Осы кезде логика әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
«Үздік оқушы болу үшін не істеу керек?» 5-8 сыныптарға арналған блиц-ойын
Оқушылардың 1-ші жартыжылдықта алған білімді жүйелеу және жалпылау.
9-11 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Интеллектуалды мозаика» блиц-ойынының мақсаты: оқушылардың зияткерлікқабілеттерін, шапшаң ойлауын, ортада өзара көмек көрсету, жылдамдық пен танымдық белсенділіктерін анықтау.
 
Мектеп оқушылары «Цифрлық әлем» апталығына белсене қатысып, қызығушылық танытты.
#нұраауданыбілімберубөлімі
#obb_qaraganda
#umckrg
Новости