back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы басталды.
05-02-2024 13:30
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы басталды.
Бүгін, яғни 5 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 -9 ақпан аралығында   Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде  «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы басталды.
 
Цифрлық сауаттылық апталығының мақсаты- оқушылардың информатикаға, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу.
 
Ақпараттық сауаттылық апталығының негізгі міндеттері:
✓ Күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту;
✓ Информатикаға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қызығушылықты қалыптастыру және нығайту;
✓ Ақпараттық технологиялар саласында оқушылардың дайындық деңгейін арттыру;
 
Апталық аясында өткізілітен іс-шаралар:
 
«Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылығын дамыту апталығының ашылуымен басталып,одан кейін 
Сыныптан тыс іс-шара өткізу, оның ішінде «IT саласындағы мамандықтар» - біздің болашағымыз атты түрлі іс-шараларды қамтиды. Инновациялық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдерімен, атақты блогерлермен кездесу. Сонымен қатар мұғалімдер оқытудың белсенді әдістері бойынша шеберлік- сыныптары мен семинарлар өткізеді.аптаның 1-3 ші күндерінде
«Логика қайда?», «Интеллектуалды мозаика» атты блиц-турнирлар бастау алса,  4-ші күні «Жасанды интеллект»  күні: жаңа шынайылық және хабарламасыз байланыс жасаймыз.
Аптаның соңғы күнінде «Біздің уақытымыздағы үшөлшемді модельдеу» күні деп саналып 3D бағдарламасымен  мен жұмыс жасау жоспарланып отыр!
 
  Барлық педагогтер мен оқушылар және ата-аналарды «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығына белсенді қатысуға шақырамыз!
#нұраауданыбілімбөлімі
#obb_qaraganda
#umckrg
Новости