«ТІЛ - КЕМЕЛ БОЛАШАҚ ТҰҒЫРЫ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
«ТІЛ - КЕМЕЛ БОЛАШАҚ ТҰҒЫРЫ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ!
Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. 1989 жылы 22 қыркүйекте "Тілдер туралы" заң қабылданды. Ал Тілдер мерекесінің өзі 1998 жылдан аталып өте бастады. Алайда араға жиырма жыл салып, атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылы күзде үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның өзіндік себебі бар еді. 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Осы орайда бүгін мектебімізде «Тіл- кемел болашақ тұғыры» атты Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларды апталық барысында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.