EDU тест
Өткізілген орны: Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі
*Тақырыбы:* «EduTest» платформасы арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау
*Өткізген: География пән мұғалімі
*Қатысқандар:* 5-7 сынып оқушылары
*Өткізілген күні:* «17» 11. 2026 ж.
*Мақсаты:* Оқушылардың оқу үлгерімі мен білім деңгейін анықтау, пәндер бойынша білімдегі олқылықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жоспарлау, оқушылардың тест тапсыруға деген қызығушылығын арттыру және цифрлық сауаттылығын дамыту.
*Жұмыстың барысы:*
Оқушылар «EduTest» білім беру платформасы арқылы компьютерде онлайн тестілеуден өтті.
Тестілеу барысында:
- оқушыларға платформада жұмыс істеу ережесі түсіндірілді;
- әр оқушы өз логині арқылы кіріп, пән бойынша тест тапсырмаларын орындады;
- тест нәтижелері платформада автоматты түрде есептеліп, диаграмма түрінде көрсетілді;
- мұғалім оқушылардың нәтижелерін талдап, жеке ұсыныстар берді.
Оқушылар тестілеуге белсенді қатысып, тапсырмаларды тиянақты орындады.
*Қорытындысы:*
«EduTest» платформасы арқылы өткізілген тестілеу өз мақсатына жетті. Оқушылардың білім деңгейі анықталып, әрі қарай түзету жұмыстарын жүргізуге қажетті мәліметтер алынды. Мұндай тестілеулерді тұрақты түрде өткізу жоспарланды.Е