Сынып сағаты
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – рухани тәрбие бастауы» бірыңғай оқу күніне 4 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты:
Оқушыларға Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, рухани-адамгершілік мұрасын таныстыру, оның хикметтері арқылы имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен еңбектерін таныту;
«Диуани хикмет» шығармасының тәрбиелік мәнін түсіндіру;
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
Рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.