Тәрбие сағаты
Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 9- сыныбында “20 қараша- дүниежүзілік балалар күні” аясында өткізілетін онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың құқықтары мен міндеттерін туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру. Өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілікке, тәртіпке, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.