Сынып сағаты
Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 5 - сыныбында «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілікке, тәртіпке, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Бүгінгі сабақтан бір нәрсені ұмытпайық: біз тек құқығымызды талап ететін бала емеспіз, міндетін орындай білетін саналы азамат болуымыз керек. Тәртіпті, жауапты, мейірімді бала — болашағы жарқын Қазақстанның кепілі.