Көркем еңбек – шығармашылық пен шеберлік алаңы! ????
5-сынып оқушылары көркем еңбек сабағында мұғалімнің көмегімен электронды тігін машинасын пайдаланып, өз қолдарымен алжапқыш тікті.
Сабақ барысында оқушылар тігін машинасымен жұмыс істеуді үйреніп, матаны өлшеу, пішу, тігу дағдыларын меңгерді. Өз еңбектерінің нәтижесінде әдемі әрі пайдалы бұйым жасап шықты.
✨ Мұндай практикалық жұмыстар оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және шығармашылыққа баулиды.
Еңбекпен келген нәтиже – әрқашан қуаныш! ❤️