Сынып сағаты
Мақсаты: Оқушыларға судың тіршілік көзі ретіндегі маңызын түсіндіру, су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеудің маңыздылығын ұғындыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және экологиялық мәдениетін арттыру.
???? Іс-шара барысында оқушылар судың адам өміріндегі және табиғаттағы рөлі туралы ой бөлісіп, суды үнемдеу жолдарымен танысты. Күнделікті өмірде суды ысырап етпеудің қарапайым тәсілдері талқыланып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы атап өтілді.
Қорытынды:
Су – тіршіліктің нәрі, табиғаттың баға жетпес байлығы. Оны қорғау және үнемдеу – әрбір адамның ортақ міндеті. Бүгінгі үнем – ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағы!
???? Суды бағалайық, табиғатты аялайық! Әр тамшы су – болашаққа қосқан үлесіміз!