Ата-аналар жиналысы
Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 4-сыныбында «Ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Баланың тұлға болып қалыптасуында отбасы тәрбиесінің маңыздылығын атап өту.
Жиналыс барысындағы тақырып аясында ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар оқушылардың оқу-тәрбие үдерісі қорытындыланып, таныстырылды. Оқушылар қауіпсіздігін әрқашан назарда ұстау, демалыс уақытында балалардың кітап оқуын назарға алу ұсынылды.