"Табиғатты қорғау біздің міндетіміз"
Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 2-сынып оқушыларымен “Табиғатты қорғау біздің міндетіміз”тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Өсімдік, жануарлар жайлы білімдерін ортаға салуларына жағдай туғызу. Табиғатты сүюге, қорғауға, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Бір-бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.