Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)
???????? БАЛАБАҚШАМЫЗДА «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ! ????????
22-10-2026 21:42
Шағын орталығымызда балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «Алтын күз» атты мерекелік іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті!
Мереке барысында бүлдіршіндеріміз күз туралы әдемі тақпақтарын мәнерлеп айтып, көңілді билерін билеп, сән көрсетілімінде өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, балалар мен ата-аналар бірлесе дайындаған әсем қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, баршамыздың көңілімізден шықты. Әрбір қолөнерде баланың қиялы мен шығармашылығы, ата-ананың қолдауы көрініс тапты.
Осындай мерекелік шаралар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, көпшілік алдында өздерін еркін ұстауға үйретеді.
Мерекемізге белсене қатысқан бүлдіршіндерімізге және қолдау көрсеткен ата-аналарымызға шын жүректен алғыс айтамыз!