«ҚЫЗЫҚ ЕКЕН!» – БІЛІМ МЕН ТАПҚЫРЛЫҚ ДОДАСЫ!
Баршын тірек мектебінде жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында 8–11-сынып оқушылары арасында «Қызық екен!» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Ойынның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысында оқушылар түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Қатысушылар белсенділік танытып, жылдам ойлау, дұрыс шешім қабылдау және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.
Интеллектуалды сайыс қызықты әрі тартысты өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
Білімді, алғыр, тапқыр оқушыларымызға алғыс білдіреміз!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!