Ата-аналар жиналысы
Қарағанды облысы білім басқармасының "Отбасы сағаты" аясында ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырған онлайн ата-аналар жиналысына Баршын тірек мектебінің ата-аналар қауымы қатысты.
Жиналыс барысында ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңалықтар, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай форматтағы кездесулер мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, баланың дамуына ортақ жауапкершілікті арттыра түседі.