
2 сәуір Аутизм мәселелері жөнінде бүкіл әлемдік ақпарат тарату күніне орай «Аутизм! Балаларымызға бірге жол ашайық!» тақырыбында мектеп кітапханашысы Искендирова Салтанат Жанатқызы жоғарғы сынып оқушыларымен кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: аутистикалық күйзелісте,бір қалыпты мінез-құлық,сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктері бар оқушыларды бөлектетпей,жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алатынын, сонымен қатар жоғары оқу орындарында оқи алып, әрі қарай жұмыс істей алатынына ықпал ету.
Оқушылар аутист балалар суды өте жақсы көретінін,оларды «жаңбырлы балалар» деп атайтынын, 4 топқа бөлінетінін және синдромның себептері туралы ақпаратпен танысты.