back-image
ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Математикалық сауаттылық апталығы
27-01-2023 15:59
Математикалық сауаттылық апталығы

 23-27 қаңтар аралығында «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы  өткізілді. Апталықтың бірінші күні, яғни 23 қаңтар күні  мектепішілік жоспар құрылып,   1-11 сыныптар аралығында "Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде" саптық жиын,   "Математика адам өмірінде" , " Сандар күні" , "Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыптарында сынып сағаттары  ұйымдастырылды. 24 қаңтар күні 1-9 сыныптарда математикалық ребустар, сөзжұмбақтар сайысы, "Мен математикамен доспын»«Мен және менің отбасым жобасы», "Менің өмірімдегі Математика» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар байқауы және 10 сыныпта «Математикасыз өткен бір күн " эссе байқауы өткізілді. 25 қаңтарда 1-9 сыныптарда математика саласында жоғары сынып оқушыларымен  кездесу 10-11 сыныптарда ЖОО-на онлайн саяхат ұйымдастырылды. 26 қаңтар күні 1-4 сынып оқушылармен "Қызықты сандар мен фигуралар", "Сандар кіммен дос?", "Мамандықтағы математика" тақырыптары бойынша әңгіме-сұхбат, 5-7 сынып оқушылары «Бір саны қайдан пайда болды» , 8-9 сынып оқушылары "Математика және өркениеттің гүлденуі"атты фильмдерді көріп тамашалады, 10-11 сыныптарда "Адам өміріндегі сандардың маңызы» тақырыбында талқылаулар өткізілді. 27 қаңтар күні  "Ойшылдар және ақылдылар" , «Математика дамуындағы Қазақстан ғалымдары» тақырыптарында танымдық, іскерлік ойындар  өткізілді.

 

 

Новости