23-27 қаңтар аралығында «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы өткізілді. Апталықтың бірінші күні, яғни 23 қаңтар күні мектепішілік жоспар құрылып, 1-11 сыныптар аралығында "Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде" саптық жиын, "Математика адам өмірінде" , " Сандар күні" , "Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды. 24 қаңтар күні 1-9 сыныптарда математикалық ребустар, сөзжұмбақтар сайысы, "Мен математикамен доспын», «Мен және менің отбасым жобасы», "Менің өмірімдегі Математика» тақырыптарында шығармашылық жұмыстар байқауы және 10 сыныпта «Математикасыз өткен бір күн " эссе байқауы өткізілді. 25 қаңтарда 1-9 сыныптарда математика саласында жоғары сынып оқушыларымен кездесу 10-11 сыныптарда ЖОО-на онлайн саяхат ұйымдастырылды. 26 қаңтар күні 1-4 сынып оқушылармен "Қызықты сандар мен фигуралар", "Сандар кіммен дос?", "Мамандықтағы математика" тақырыптары бойынша әңгіме-сұхбат, 5-7 сынып оқушылары «Бір саны қайдан пайда болды» , 8-9 сынып оқушылары "Математика және өркениеттің гүлденуі"атты фильмдерді көріп тамашалады, 10-11 сыныптарда "Адам өміріндегі сандардың маңызы» тақырыбында талқылаулар өткізілді. 27 қаңтар күні "Ойшылдар және ақылдылар" , «Математика дамуындағы Қазақстан ғалымдары» тақырыптарында танымдық, іскерлік ойындар өткізілді.