«Буллингке қарсы – бәріміз біргеміз»
Буллинг – тек мұғалімнің ғана емес, мектептегі әрбір қызметкердің ортақ жауапкершілігі. Оқушы өзін қауіпсіз сезінуі үшін тек сыныпта емес, дәлізде, асханада, аулада да бақылау қажет. Сондықтан мектептегі техникалық қызметкерлер, күзетшілер, асхана қызметкерлері – барлығы да буллингтің алдын алуға атсалысуы тиіс.
Әрбір ересек адам оқушының көңіл күйіндегі өзгерісті, біреудің шеттелуін, маза бермей мазақтауды байқаса, бейжай қарамай, дер кезінде хабарлауы маңызды. Бірлікпен ғана біз мектепті қауіпсіз, мейірімді ортаға айналдыра аламыз. Баланың тағдырына немқұрайлы қарамау – бәріміздің ортақ міндетіміз.
