Теміртау қалалық ІІБ саяхат
2026 жылғы 5 ақпанда 8 б мен 8 в сынып оқушылары Теміртау қаласының Полиция басқармасына экскурсиямен барды. Сапар барысында оқушылар «Кезекші бөлімді» және «Жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайын» аралап, құқық қорғау органдарының тарихы мен қызметімен танысты. Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды. Сондай-ақ оқушылармен «Сталкингті тоқтат» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Оқушылар өздерінің қоғамда қаншалықты қауіпсіз екендігін бүгін түсінді деп ойлаймыз, себебі қаласының барлық жерінде бейнекамера мен полиция бөлімдерінің бақылауын көрді.