back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Есірткіге қарсы әңгіме сағаты
07-11-2025 14:41
Есірткіге қарсы әңгіме сағаты
2025-2026 оқу жылының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 07.11.2025 күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Есірткіге – жол жоқ» тақырыбында ақпараттық-танымдық дәріс өткізілді.
 
Іс-шараға Қалалық білім бөлімінің өкілі Нуржанова Алима Жақсылыковна және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі полиция департаментінің маманы Галина Николаевна қатысып, оқушыларға есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, құқықтық жауапкершілік мәселелері және олардың өмір мен болашаққа кері әсері туралы кеңінен мағлұмат берді.
 
Дәріс барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында салауатты өмір салтына деген көзқарасты қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Новости