
Теміртау қаласы білім бөлімінің «№9 лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ғылыми –әдістемелік жұмыстары туралы талдау
1)03.10.2021. «Инновациялық мектептердегі ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесі – білім сапасын көтерудің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№9лицейінде», «Инновациялық мектептердегі ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесі – білім сапасын көтерудің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті.Ғылыми- әдістемелік дөңгелек үстелдің мақсаты:өзара кәсіби тәжірбие алмасу ,ғылыми және кафедра жұмыстарын сапалы ұйымдастыруға бағыт беру.Ғылыми- әдістемелік отырыс лицей кафедра жетекшілері мен инновациялық жұмыстарға жауапты орынбасары және қалалық білім бөлімі әдіскерімен бірлескен түрде өтті. Бұл қадамдар заманауи мектеп, қоғам талабын қанағаттандыратын табысты мұғалімдер көшін құрайды. Теміртау қалалық білім бөлімінің әдіскері Алима Серикона Тунгушбаева басқарды.
https://www.instagram.com/p/CUeI0LnIqZK/?utm_medium=share_sheet
«Инновациялық мектептердегі ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесі – білім сапасын көтерудің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысынан көрініс.
2)«Біз бірге оқимыз» воркшоп .14.10.2021 Облыстық воркшоп қа химия пәні мұғалімі Асадова Мадина Турсынбаевна (Педагогикалық өтілі: 11 жыл
Санаты: І) .
Оқушылардың пандемиядан кейінгі уақытта жіберілген олқылықтарын жоюда мұғалімде өзіне неге мән беру керектігіне сұрақтар туындады. Оқушыларда және мұғалімде эмоционалдық, интеллектуалдық ортасын дамыту үшін не істеу керек?- деген сұрақ туындады.
Мұғалімдер өз эмоционалдық инттелект қабілетін дамыту керек, өз мүмкіндіктерін практикада қолдана алғанда оқушылардың мотивациясын көтеруге ықпал етеді. Әр мұғалім ең тиімді сабақ жоспарын жасау нәтижесінде оқушыларды пәнге қызықтыра алатынына ой түйіндедім. Оқушының өз жетістігімен жағымды әдіс –тәсілдер арқылы жеткізе отыру, химия пәнін тек теориялық емес практикалық бағытын көп қолданғанда жүйелі нәтиже беретіндігін сіздерге ұсынып отырған бейнероликтен көруге болады.
Тақырып: Элемент, қоспалар және қосылыстардың қызықты тәжірибелері.
Мақсаты: Оқушылар элемент, қоспа, қосылыстардың қызықты тәжірибелерін жасауда – жай зат, қоспа және қосылыс түсініктерін ажыратуға, жіктеуге, нәтижені жүйелі түрде жазып көрсетуге, өмірде қолдана білуге үйрету.
Мұғалі өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
3)15.10.2021 жыл.«Зейін» әлеуметтік жобасы аясында «Жаһандық құзреттіліктер» курсы негізінде 7- сыныпқа арналған «Эмоцианалды интелект және сыни ойлау» курсы бойынша облыстық оқыту семинарына қатысты.
Семинарда төмендегідей:
1.Мектеп директоры К.А.Нургалиева «Жаһандық құзреттіліктер курсы»туралы не білеміз
- Директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары А.О.абдикаримова «XXI ғасырдың қажетті дағдыларының бірі-эмоцианалды интелект және сыни ойлау»
3.мектеп психологы С.Н.Абдрасилова «Эмоционалды интеллектіні дамытуда мұғалімге қажетті дағдылар» баяндамаларымен ой бөлісті.
9 лицейімізде Эмоционалды интеллек және сыни ойлау атты курсының негізгі идеясы қуаныштысы жеткеншек жастағы балалар телефонға тәуелділіктен шығарудың бірден бір жолы. Қарым қатынасқа түсу тек смс жазу бір біріне лайк басумен шектелмей, әркім ішкі ойын агрессиясын ашылып айтуды іске қосу. Бұл курста оқушылар эмоцияның түрлерін қалай қабылдау және одан шығу жолынан тәжірибеде дағдыланатын болады. 20-шы ғасырда бақытты өмір сүруге қажетті дағдыларды бала болмысында жастайынан қалау бүгінгі күннің талабы.
Курстарымыздың мақсаты оқушылардың өз-өзімен, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас негізін қалау және концептуалды тұрақты, позитивті бағдарланған және белсенді өмірлік ұстанымды ұстанатын тұлғаның дамуына ықпал ету болып табылатының дәлелдеді.
4) 24.09.21.Қалалық «Үздік психолог-2021» сайысына Абдрасилова Салтанат Нуридиновна,еңбек өтілі 21 жыл,педагог-психолог, педагог-сапрапшы санатты қатысып, облыстық «Үздік психолог-2021»жолдама алды.
Нәтижеде: 07.10.2021 Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтар арасында облыстық «Үздік психолог-2021»республикалық конкурсының облыстық кезеңінен 3 орын иелерді.
5) Қалалық «Үздік педагог-2021» конкурсының нәтижесі атап айтсақ:
1.Алданыш Ж. Бастауыш сынып мұғалімі «Өнерлі педагог»номинациясы.
2.Хамза Б. Ағылшын тілі мұғалімі «Парасатты педагог» номинациясына ие болды.
6) Мұғалімдердің ғылыми –практикалық конференцияларға қатысуы
/мақала, жоба/ 2021-2022 оқу жылы
№ |
Мұғалімнің аты -жөні |
Лауазымы |
Мақала атауы |
Конференция атау , Қайда өтіледі |
Уақыты |
1 |
Болбаева П.А. |
Директордың БОЖ орынбасары Биология пәні м |
Ұлы ағартушының күрескерлік қасиеті
|
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүр мен жаңашылдық Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциясы |
Қазан,2021 жыл |
2 |
Абдрасилова С.Н |
Педагог-психолог |
Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы - Ыбырай Алтынсарин
|
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүр мен жаңашылдық Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциясы |
Қазан,2021 жыл |
3 |
Ержан А. |
Биология пәні мұғалімі |
Заманау білім берудің Ыбырай Алтынсарин мұрасымен сабақтастығы
|
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі дәстүр мен жаңашылдық Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциясы №101мл.Қарағанды қ. |
Қазан,2021 жыл |
4 |
Жанабаев Д.К., |
Ағылшын тілі пәні мұғалімі |
Мұғалімнің кәсіби дамуы және өзін –өзі тәрбиелеу |
Манаш Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті "Қозыбаев оқулары 2021 - ғылым мен білімнің жаңа дамуы қозқарасы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция |
Петропавл қ. 12 қараша 2021ж. |
Абдикаримова А.О. |
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, директордың ОІЖ орынбасары |
||||
5 |
Жанабаев Д.К., |
Ағылшын тілі пәні мұғалімі |
Features of Formation of National Ethnopedagogy and education components of Representatives of the Kazakh people" |
"Просветительские идеи Ыбрая Алтынсарина: истоки, развитие, современность" Международная научно-практическая конференция
|
29.09.2021 Костанайский Региональный Университет г. Костанай |
Абдикаримова А.О. |
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, директордың ОІЖ орынбасары |
||||
|
Абдикаримова А.О.
|
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, директордың ОІЖ орынбасары |
«Менің туған өлкем» электронды энциклопедиясы |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерімнің тарихы-туған елімнің тарихы»атты қалалық ғылыми – тәжірибелік конференция
|
Теміртау қаласы ішкі саясат бөлімі 29.09.2021 |
Турезатова Э.М. |
Информатика пәні мұғалімі |
||||
|
Ясин А. |
биология пәні мұғалімі
|
Қашықтықтан білім беру жағдайында қолданылған қазіргі инновациялық әдістер |
Тамыз конференциясы |
Теміртау ББ |
|
Алпемиш Алмагуль |
тарих пәні мұғалімі
|
«Тарих пәнін қашықтан оқытуда қолданылатын тиімді технологиялар» |
Тамыз конференциясы |
Теміртау ББ |
|
Жансултан Ардагуль |
дене шынықтыру пәні мұғалімі |
«Тоғызқұмалақ ойынының пайдасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамуына ықпал етеді»
|
Тамыз конференциясы |
Теміртау ББ |
|
Бекмуратова Гулнара Азираевна |
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі |
«Қазақ тілін оқытуда қашықтықтан оқытудың тиімділігі»
|
Тамыз конференциясы |
Теміртау ББ |
|
|
|
|
|
|
2021 жыл 1-5 қараша аралығында күзгі демалыста педагогикалық ұжыммен өткізілген іс-шаралар туралы есебі
- 11.2021.«Кәсіби дамудың маңызды моделі» тақырыбында коучинг өткізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыта отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау.
Коучинг барысында мұғалімдер өз ойларын айта келе,жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерді сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі деді. Әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыруы керектігі айтылды.
Коучингтен көрініс
- 11.2021. «Lesson Study – тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі» тақырбында өткізілетін коучинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;
Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алды; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыру мүмкіндік алады