back-image
"Талды жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Талды жалпы білім беретін мектебі" КММ

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызметтің басты мақсаты:

            Оқу- тәрбие үрдісінде  педагогикалық-психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушының шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, психологиялық денсаулығын сақтау.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1. Білім беру жүйесінің барлық қатысушылары оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға қажетті психологиялық көмек беру.

2. Тұлғаның дамуының барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқушылардың зияткерлік, жеке тұлғалық және кәсіби дамуына қолдау көрсету.

3. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

Психологиялық қызмет жұмысының бағыттары:

Психодиагностикалық бағыт

Ағартушылық-профилактикалық бағыт

Психологиялық кеңес беру бағыты

Түзету-дамытушылық бағыты

Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт

Педагог-психолог мынандай бес бағыт бойынша жұмыс жасайды:    

Психодиагностикалық: оқыту мен тәрбиелеудегі себептерді, проблемаларды анықтау мақсатында тұлғаның қасиеттерін психологиялық педагогикалық зерттеу

-Түзету-дамыту жұмысы: жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісінде қиындықтар, проблемалар, белсенді әсер етушілермен жұмыс

-Кеңес беру: білім беру мен оқытуды дамытуға, өтініш білдірген ересектер мен балаларға көмек көрсету.

-Ағартушылық: психологиялық мәдениетті көтеру психологиялық қызметке сұранысты қалыптастыру және проблемалар туралы ақпарат беру

Алдын алу: қоғамдық қауіпті құбылыстар мен аурулардың алдын алу шараларын жоспарлау, білім алушылардың әлеуметтік- психологиялық жат қылықтарының алдын-алу.

Жоспарды құру барысында мына тізімдегі нормативтік құжаттар ескерілді:

ҚР Конституциясы

Адам құқықтарының жалпыға бірдейдекларациясы;

ББҰ-ның Бала құқығы туралы конвенциясы;

Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

ҚР «Білім туралы» (24.11.2021 ж өзгертулер мен толықтырулармен) заңы.

Қ.Р. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (02.07.2021ж. Өзгертулер мен толықтырулармен);

Дербес деректер және оларды қорғау туралы ҚазақстанРеспубликасының Заңы (01.07.2021 ж. өзгертулер мен толықтырулармен);

Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (01.07.2021ж. Өзгертулер мен толықтырылулармен);

Тұрмыстық зорлық–зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы.

  2022 жылғы сәуірден бастап оқу жылының кезеңінде педагог-психологтың құжаттамасы «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі (ППМАЖ) шеңберінде электронды форматта жүргізіледі.

Мектептегі психологиялық қызмет (2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 о.ж.)

https://drive.google.com/drive/folders/19lL2DjTrVadbSH4LMl_FuOVE0bAbDbTr?usp=sharing

 

https://drive.google.com/drive/folders/1j9YfsXSaahvdyQAIJHuDlTPOT6bnSQBs?usp=sharing

 

https://drive.google.com/drive/folders/1wejO_ab2bE-SF8M4zpPo6IpunYsGQ8uY?usp=sharing

 

 

Новости