ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА МІНДЕТТЕР! Пед.кеңес №1
2026 жылғы 31 тамызда «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да «2026–2027 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа бағыттары: сапа, инновация және баланың әл-ауқаты» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтар мен міндеттер айқындалып, тәрбиелеу-білім беру процесінің сапасын арттыру, заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, балалардың қауіпсіздігі мен эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жаңа оқу жылында педагогикалық ұжымның басты мақсаты – әр баланың жан-жақты дамуына қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи орта қалыптастыру!






