«Аққу» бөбекжай" КМҚК-да тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт туындаған жағдайда ғимараттан қауіпсіз шығу бойынша оқу-жаттығу эвакуациясы ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу эвакуациясының дабылын шаруашылық меңгерушісі Саликбаева А.С. жариялады.
Дабыл берілген сәттен бастап педагогтер жедел әрі ұйымдасқан түрде әрекет етіп, барлық 8 топтың тәрбиеленушілерін ғимараттан қауіпсіз жерге алып шықты.
Іс-шараның негізгі мақсаты- өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қызметкерлердің эвакуацияға дайындығын арттыру.







