10 апреля 2026 года в КГКП «Ясли-сад «Аққу» в рамках реализации «Единого образовательного пространства» был организова семинар, направленный на укрепление преемственности между детским садом и школой.
2026 жылғы 10 сәуір күні «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да «Білім берудің біртұтас кеңістігі» аясында балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында мазмұнды семинар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға балабақша тәрбиешілері мен Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясынан Кунанбаева Жанар Маликовна,
Таскынбаева Маржан Жаугашбаевна бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Семинар барысында педагогтер кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту мен тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады. Сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету жолдары жан-жақты қарастырылды.
Іс-шара аясында «Құлыншақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілері «Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында театрландырылған қойылым ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал бастауыш сынып мұғалімдері балалармен логикалық ойындар ұйымдастырып, олардың танымдық белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамытуға ерекше үлес қосты.
Осындай бірлескен жұмыстар білім беру сапасын арттырып қана қоймай, балалардың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына кең жол ашады.







