Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар!
Мердігер ұйымның балабақша аумағын абаттандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтап үлгермеуіне байланысты балабақшаның ашылу мерзімі 1 аптаға кейінге шегеріліп, 2026 жылғы 10 тамызға жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда атқарылған жұмыстар:
• тротуарлық брусчатканы төсеу жұмыстары – 95% аяқталды;
• құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды тазалау жұмыстары – 90% орындалды;
• қоршауды (забор), спорт алаңын және ойын алаңындағы жабдықтарды орнату жұмыстары басталды.
Қалған жұмыстар қысқа мерзім ішінде толық аяқталып, аумақ балаларды қабылдауға толық дайын болады деп сенеміз.
Бұл шешім ең алдымен тәрбиеленушілеріміздің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Барлық жұмыстар балаларымыздың қауіпсіз, таза, заманауи әрі жайлы ортада тәрбиеленіп, білім алуы үшін жүргізілуде.
Уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Қосымша ақпарат болған жағдайда сіздерді міндетті түрде хабардар етіп отырамыз.
Құрметпен,
«Ақерке» бөбекжайының әкімшілігі.