Балабақшада жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмыстары туралы ақпарат
Бөбекжай ғимаратының ішкі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Барлық топ бөлмелері, дәліздер, әкімшілік және қызметтік кабинеттер санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес толықтай әктеліп, сырланды. Жөндеу жұмыстары барысында үй-жайлардың эстетикалық келбеті жақсартылып, тәрбиеленушілердің жайлы әрі қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасалды.
Қазіргі уақытта балабақша аумағын абаттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда. Аула аумағына жаяу жүргіншілер жолдары мен ойын алаңдарына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аумақтың ескі қоршауы толықтай алынып тасталып, жаңа қоршауды орнату үшін дайындық жұмыстары атқарылуда. Қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, орнату алаңы дайындалды.
Жұмыстарды орындау барысында тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Құрылыс жүргізіліп жатқан аумақ қоршалған. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланған.