«Қош келдің, Жаңа жыл!»
2025 жылғы 23 - 25 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесіне орай Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 0-11 сыныптарға «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бірлікті нығайту.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар тақпақтар оқып, ән шырқап, би билеп, сахналық қойылымдар көрсетті. Аяз ата мен Ақшақардың қатысуы мерекенің сәнін келтіріп, балаларға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар қызықты ойындар ойнатылып, белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды. Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер қалдырды.
