Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан қалалық жарыс ұйымдастырылды
2025 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан қалалық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыс барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, әр команда жеңіске деген жігерін көрсетті. Қатысушылар әділ қазылар алқасының бағалауы бойынша ойын техникасы, командалық үйлесімділік және спорттық тәртіп сақталуы жағынан өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы: “Үздік ойыншы” атағы Исмаилов Мехаил №3 мектеп, “Үздік шабуылдаушы” атағы Әлімбек Ахмет №1 мектеп, “Үздік байланыстырушы” Оразбай Шерхан №1 мектеп. І орын - №1 мектептің 11-сынып командасы, ІІ орын - №1 мектептің 10-сынып командасы, ІІІ орын - №1 мектептің 9-сынып командасы. Жеңімпаз командалар Тәуелсіздік күніне арналған арнайы мақтау қағаздар, медальдар және кубоктармен марапатталды. #uokrg #umckrg #БілімбөліміПриозерск Адал_азамат біртұтас_тәрбие
