back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Заң және тәртіп»
20-01-2026 15:36
2025 жылғы 27 қарашада «Заң және тәртіп» құндылығы аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Жол тәртібін білейік!» атты сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың жол қозғалысы ережелері жөніндегі білімін кеңейту, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жолда өзін дұрыс ұстай білу мәдениетін дамыту. Сайысқа Приозерск қаласы прокуратурасының аға прокуроры Д.М.Амангелдиев, кәмелеттік жасқа толмағандардың учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Абдихалыков және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е.Умирзахов төрелік етті.
Сайыс барысында қатысушыларға жол белгілерін танып білу, жағдаяттарды шешу, қауіпсіздік талаптарын түсіндіру сияқты тапсырмалар ұсынылды. Әр топ өз білімін көрсетіп, жылдамдық, дәлдік және ұқыптылық бойынша бақ сынасты. Қазылар алқасы оқушылардың жауапкершілігі мен белсенділігін атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша 5 «б» сыныбы – І орын, 5 «Ә» сыныбы – ІІ орын, 5 «А» сыныбы – ІІІ орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталып, барлық қатысушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін үнемі сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Новости