back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ"
01-04-2024 16:24

    2023 жылдың 16-23 қазан күндері аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде 8-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілер оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде сөз қозғады. Ата-аналар жиналыстарына кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Т.Айдарбаев және «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы К.Алшынбеков қатысып, өз ақпараттарымен бөлісті. Осы орайда, учаскелік полиция инспекторы Т.Айдарбаев ата-аналарға құқықбұзушылықтың және нашақорлықтың алдын алу бойынша толық мәлімет берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында сөз қозғады. Ата-аналар тарапынан сұрақтар беріліп, берілген сұрақтарға нақты жауаптар алынды.

Новости