back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Қамқоршылық» кеңес мүшелімен №5 отырысы
30-06-2023 10:25

Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің» №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің «Қамқоршылық» кеңес мүшелімен №5 отырысы бойынша ақпарат

     2023 жылдың 29 мамыр күні мектебіміздің «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің отырыс болып өтті. Мұнда 2022-2023 оқу жылын сәтті аяқтап, «Сыңғырла соңғы қоңырау»  салтанатты шарасы 31 мамыр күні болатыны айтылып, 2-13 мамыр аралығында мемлекеттік сатып алу әдісі бойынша қала сыртындағы «Болашақ» лагеріне 25 оқушыларды  және мектеп жанындағы «Күншуақ» лагеріне 40 оқушыларды қамту үшін әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын мектептің әлеуметтік педагогы тізім бойынша ұсынысын білдірді. Кеңес мүшелері тізімді талқылап бір ауыз сөзбен келісімділігін беріп, тізім бойынша толық емес отбасы және көп балалы отбасынан шыққан балалардың отбасыларымен танысты. Келесі жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Мектепке жол» акциясы бойынша да осы аталған оқушыларды да қамтамасыз етілуі де ескертілді.

     Отырыс соңында асхана құжаттарын тексеріп, бекітілген  ас мәзірі бойынша берілуін тексерістер жүргізді. Жеке кәсіпкер А.Коймановамен кездесіп, мектеп жанындағы лагерді сәтті ашылуына тілектестігін білдірді.

Новости