Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің он күндігіне арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-де ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтті. Ұлттық ойындардың әрбір түріне тән басты мақсат – адамға әсер ету, қоршаған ортадан мағлұмат беру, патриоттық рухта қалыптастыру, тәрбиелеу. Ұлттық спорт түрлері, дене жаттығулары мен халық ойындары мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, жетілдіріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қозғалыс қажеттілігін қанағаттандырудың, дененің үйлесімді дағдыларын меңгерудің негізгі құралы ретінде пайдаланылды. Ұлттық спорт түрлеріне тән қасиет - олардың динамизмі, жалпыға бірдей қолжетімділігі, практикалық және қолданудың қарапайымдылығы. Дене шынықтыру сабағына ұлттық ойындарды енгізу балалардың денесінің шыңдалуына, ептілігін, зейінділігін дамытуға бағытталады.
халқы тілдерінің он күндігіне